Курстың сипаттамасы:UX дизайн — бұл қолданысқа ұнамды, қарапайым және пайдалы цифрлық немесе физикалық өнімдерді жасау үрдісі.
UX ― бұл интерфейстің функционалы, UI ― оның сыртқы түрі.
UX аббревиатурасы пайдаланушы тәжірибесін білдіреді. Қарапайым сөзбен айтқанда, пайдаланушының интерфейспен қалай әрекеттесетіні және сайт немесе қолданба оған қаншалықты ыңғайлы екенін білдіреді. UX / UI дизайнерлері IT саласында жоғарысұранысқа ие, өйткені бағдарламашылар дайындайтын интерфейстер әдемі ғана емес, сонымен қатар түсінікті болуы керек.
UX дизайны қолданушы мен өнімді пайдаланатын жүйе арасындағы әрекеттесуге ерекше қызығушылық танытатын дизайнерлер қолданылады.
Мысалы, UX дизайнері өнімді қол жетімді етуге көмектесетін принциптерді ұстанады, сонымен қатар онымен әрекеттесетін пайдаланушы оны түсінікті деп санауы үшін жүйені жобалау процесінде осы принциптерді нақты енгізеді.
Курстың мақсаты:Тыңдаушыға пайдаланушы интерфейсін құруды және орналастыруды, құралдармен және графикамен жұмыс жасауды үйрету. Сонымен қатар оларга IOS және Android-тың web - дизайнымен, ыңғайлылығын(usability), нұсқаулықтарын(гайдлайн) үйрету. Tilda онлайн конструкторымен таныстыру.
Курстың міндеттері:- Шығармашылық және талғам дағдыларын дамыту
- Figma, PIXSO, Adobe XD, Photoshop, Illustrator бағдарламаларында жұмыс жасауды үйрету
- Пайдаланушы интерфейстерімен жұмыс істеуді үйрету
- Бағдарлама әзірлеушілерімен қарым-қатынас орната білу
- Behance, dribble саттарына жеке портфолио әзірлеу
- Алғашқы клиентті табу
- Жұмысқа қабылдау үшін түйіндеме дайындауға көмектесу
Курстың нәтижесі:- Қолданушы интесфейсін құра білу
- Аналитикалық дағды
- Шығармашылық ойлауды дамыту